Қазақстан Алматы декларациясын Ресей Федерациясымен және Иранмен бірлескен көлік жобаларын жүзеге асыруда қолданбақ ниетте- ҚР көлік және коммуникация министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Алматы декларациясын Ресей Федерациясымен және Иранмен бірлескен көлік жобаларын жүзеге асыруда қолданбақ ниетте- ҚР көлік және коммуникация министрі

Қазақстан Алматы декларациясын Ресей Федерациясымен және Иранмен бірлескен көлік жобаларын жүзеге асыруда қолданбақ ниетте- ҚР көлік және коммуникация министрі

Қазақстан "іс-шаралардың Алматы декларациясының" ережелерін Ресей Федерациясымен және Иранмен бірлескен көлік жобаларын жүзеге асыруда қолданбақ ниетте. Бұл туралы бүгін, 25-тамызда ҚР көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов теңізге шыға алмайтын елдердің халықаралық конференциясына дайындық комитетінің Алматыда өткен отырысында хабарлады.

  • 18 Тамыз 2003
  • 666
Фото - Caravan.kz

Декларацияның дайындық жобасының мақсаты, Қ.Нағмановтың айтуынша, транзиттік елдермен және халықаралық қаржылық ұйымдармен бірлесе отырып теңізге шыға алмайтын елдерге транзиттік мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жоспарлау болып табылады. «Бұл мәселелерді шешу — жеңілдік тауқыметін жолға қоюға, тауарларымыз жоғары тарифтің құрбаны болмау үшін көршілес елдермен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға түрткі болады деп

сенеміз»,- деді министр.
Қ.Нағмановтың айтуынша, теңізге шыға алмайтын елдер қыруар көлік шығынына батып отыр. Мәселен, біздің елдің өнімдері үшін Еуропа, Азия және Америка нарығында кейде тіпті көлік шығыны 50 проценттен асады. Мұндай өнімнің бәсекелестік қабілеті туралы сөз қозғаудың өзі қисынға келмейді.
«Теңізге шыға алмайтын елдер үшін айрықша өзекті осынау мәселеге БҰҰ тарапынан мән беріліп, мәселені әлемдік деңгейге көтеруіне біз дән ризамыз»,- деді министр.
Біз үшін көлік шығынын мейлінше азайтуға мүмкіндік беретін жобалар қажет. Бұл құжат нақты жұмыстар атқаруға жағдай жасап, ғаламдық бағыт-бағдар береді. Әрине, бұл орайда біз тиісті жобаларды қаржыландыруда донор елдер мен халықаралық ұйымдардың жәрдеміне зәруміз,- деп түйді өз сөзін Қажымұрат Нағманов.

Соңғы жаңалықтар