«Қазақстан Алюминийі» зауытында бұрынғы жұмыскер зауыттан Т10 млн талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан Алюминийі» зауытында бұрынғы жұмыскер зауыттан Т10 млн талап етті

«Қазақстан Алюминийі» зауытында бұрынғы жұмыскер зауыттан Т10 млн талап етті

Павлодар қалалық сотының өндірісінде «Қазақстан Алюминиі» АҚ-ның өнеркәсіптік үлгідегі пайдалы модельдің пайдалануы үшін сыйақы төлеу туралы азаматтық іс жатыр.

  • 22 Маусым 2011
  • 415
Фото - Caravan.kz

Қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, «арызданушы пайдалы модельді пайдаланғаны үшін «Қазақстан Алюминиі» АҚ-нан Т10 млн көлемінде сыйақы өндіріп беру туралы талап қойған».

Нақтыланып отырғандай, Павлодар қаласының тұрғыны 1968-1976 жылдары Павлодар алюминий зауытында инженер-конструктор болып жұмыс істеген. Бұл кезеңде зауыттың құю-механикалық цехында Ленинград жобалау институты жасаған шойыннан құйылған тордың моделі пайдаланылған. Бұл модельді құю цехында пайдалану кезінде бірқатар кемшіліктер анықталған. Осыған байланысты бұл конструкцияны жұмысқа жарамды ету үшін, оған қызмет көрсету үшін 8 адамнан тұратын және тәулік бойы жұмыс істейтін персонал қажет болды.

«Арызданушының айтуынша, оның шығармашылық ойының арқасында конструкция жетілдіріліп, модернизацияланған, бұл оны пайдалану жағы ыңғайлылығын арттырып, өнімділік 180%-ға өскен, ал тәуліктік жұмыстардың көлемі 4 сағатқа дейін қысқарды. Конструкция әлі күнге дейін құйма өндірісінде пайдаланылуда. Пайдалы модельдің патентіне сәйкес, арызданушылар оның авторлары деп танылған, бірақ оларға сыйақы төленбеген», — деп хабарлайды сот.

Соңғы жаңалықтар