Қазақстан арағын Ресейде сатуға шектеу қойылған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан арағын Ресейде сатуға шектеу қойылған

Қазақстан арағын Ресейде сатуға шектеу қойылған

Ресейде қазақстандық спиртке шектеу қойылған! Бүгін отандық кәсіпкерлер көрші елге алкоголь өнімдерін сата алмай жүргендерін айтып мұңын шақты.

  • 14 Қазан 2015
  • 286
Фото - Caravan.kz

Кәсіпкерлер дәлел ретінде көрші елдегі әріптестерінің 2011 жылдан бері бірде-бір келісім шартты ұзартпағандарын айтады. Яғни, елімізде содан бері Ресейге арақ экспорты тоқтаған. Ал, біздің дүкендерде керісінше көрші мемлекеттің өнімдері самсап тұр. Бұлай жалғаса берсе отандық нарықты Ресей, Белорусь пен Қырғызстан арақтары басып қалады деп қауіптенеді кәсіпкерлер. Оның үстіне, Үкімет келесі жылға акциз мөлшерін арттырғаны мәлім. Енді ең арзан бір шөлмек арақ 800 теңгеге дейін қымбаттамақ. 

Әміржан Қалиев, «Қазалко» қауымдастығының президенті:

-Салықтың мөлшері көбейсе 2016 жылы, төменгі сату бағасы көбейсе, арақ өнімдерін шеттен адал әкелушілердің өнімдері бәсекеге қабілетсіз болып қалуы мүмкін. Көптеген кәсіп орындар жабылуы мүмкін. Жұмыс орындар жабылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар