Қазақстан әскерилерін Сирияға жөнелту мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатқан жоқ - СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан әскерилерін Сирияға жөнелту мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатқан жоқ - СІМ

Қазақстан әскерилерін Сирияға жөнелту мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатқан жоқ - СІМ

Қазақстан әскери қызметкерлерін Сириядағы деэскалация аймақтарына жіберу бойынша келіссөз жүргізіп жатқан жоқ.

  • 23 Маусым 2017
  • 950
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан.

"Қазақстанның мүдделі елдерге Астанада кездесуге алаңқай ұсынуы сириялық дағдарысты реттеу процесіне еліміздің қосқан шынайы үлесі болып табылады. Қазақстан әскери қызметкерлерін Сирияға жөнелту мәселесі бойынша ешкіммен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Сириядағы төрт деэскалация аймағының қауіпсіздігі мен тиімділігінің сақталуы қазіргі уақытта астаналық процестің кепіл елдері құзыретінде, олар осы және басқа да мәселелерді Астанада 4-5 шілдеде өтетін кездесуде талқылайды", — деді Әбдірахманов тілшілерге Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы кезінде. 

Сонымен бірге, министр атап өткендей, Қазақстан үшін бітімгерлерін әлемнің кез келген бұрышына жіберу мүмкіндігін қарастыруға негізгі шарт – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шешімінің болуы. 


Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан және Қырғызстанның әскери қызметкерлерінің Сирияға жіберілетіні туралы түрік және ресейлік БАҚ көздері жазған еді.