Ресей билігі Сириядағы соғысқа Қазақстан сарбаздарын да қатыстырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей билігі Сириядағы соғысқа Қазақстан сарбаздарын да қатыстырмақ

Ресей билігі Сириядағы соғысқа Қазақстан сарбаздарын да қатыстырмақ

Ресей билігі Сирияда болып жатқан азаматтық соғысқа Қазақстан мен Қырғызстанның сарбаздарын да қатыстырмақ ниетте.

  • 23 Маусым 2017
  • 3155
Фото - Caravan.kz

Қазіргі таңда тараптар келіссөздер жүргізіп жатыр деп мәлімдеді Мемлекеттік Думаның қорғаныс жөніндегі комитетін басқаратын депутат Владимир Шаманов РИА Новости тілшісіне берген сұхбатында.

«Қазіргі таңда Ресейдің әскери полициясы Сириядағы шиеленісті шешуге атсалысу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, біздің Қазақстан мен Қырғызстан секілді әріптестерімізге де Сирияға жауынгерлерін жіберу мәселесі ұсынылды. Қазір бұл ұсыныс талқыланып жатыр. Әзірге шешім қабылданған жоқ», — деді Шаманов.

Айта кетейік, 22 маусым күні Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын Сирияның қауіпсіз аймақтарына Қазақстан мен Қырғызстанның әскерилері келуі мүмкін екенін айтқан болатын. Мұндай бастаманы Ресей билігі көтеріпті.


Соңғы жаңалықтар