«Астық дақылдарына арналған егіс алқаптарын 600 мың гектарға, майлы дақылдарға арналған алқаптарды 82 мың гектарға, қант қызылшасына арналған алқаптарды 6,6 мың гектарға, көкөніс және бақшалық дақылдарға арналған алқаптарды 4,5 мың гектарға ұлғайту жоспарланған. Ағымдағы жылы жеміс-көкөніс дақылдарына арналған плантациялардың аумақтары 34 мың гектарға дейін, жүзімдіктер — 10 мың гектарға дейін жеткізіледі», -деді министр.
Сонымен бірге, оның айтуынша, еліміздің солтүстік өңірлерін жеміс-көкөніс өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету үшін Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы Оңтүстік Қазақстан облысында 500 гектар аумақта жеміс-көкөніс өнімдерінің кластерін дамыту жұмыстарын бастауда, келешекте бұл аумақ 10 мың гектарға жетеді деп күтілуде, ал ҚазАгро Астанада қазіргі заманғы көтерме сауда базарын салу және бірқатар қалаларда оның өңірлік желілік терминалдарын салу жобасын бастады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті