Қазақстан аумағында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шеңберінде есірткімен күрес жөніндегі арнаулы операция басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан аумағында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шеңберінде есірткімен күрес жөніндегі арнаулы операция басталды

Қазақстан аумағында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шеңберінде есірткімен күрес жөніндегі арнаулы операция басталды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 28 тамыз. АСТАНА. Қазақстан аумағында 27 тамыз бен 3-қыркүйек аралығында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шеңберінде есірткімен күрес жөніндегі "Канал" атты арнаулы операция басталды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісіне ҚР ІІМ-нің есірткі саудасымен күрес комитетінен хабарлады.

  • 28 Тамыз 2007
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Бұл іс-шараға ІІМ, ҰҚК, ҰҚК Шекара қызметі, Кедендік бақылау комитеті мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігі қатысуда», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. Осындай іс-шаралар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше Ресей , Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда да өтуде.

«Бұл операция есірткілік және психотроптық заттар мен прекурсорлардың шекара арқылы контрабандалық жолмен өтуіне тосқауыл қоюға бағытталған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.