«Бүгінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трансконтиненталдық автожол дәлізінің халықаралық мәртебесі туралы мәселе күн тәртібінде тұр. Ол Ұлы Жібек жолын қайта тірілту идеясының жүзеге асуы болмақ», — деді С. Ахметов.
Ол Қазақстанның өзіне қарасты жоба бөлігін былтыр жүзеге асыра бастағанын еске салды.
«Осыған байланысты біз мүдделі жақтарға көлік дәлізін құру бойынша халықаралық шарт жасасуды ұсынамыз «, — деді министр.
«Әрине, біз үшін осы мәселе бойынша Қытай мен Ресейдің ұстанымы маңызды, ал жуырда ғана Қазақстан мен Ресейдің шекаралық өңірлері басшыларының форумында мемлекет басшыларының қатысуымен Ресейдің транспорт министрі екеуіміз осы дәлізді құру бойынша өзара жұмыстар жөніндегі келісімге қол қойдық», -деді ол.
С. Ахметовтың айтуынша, бұл мәселені Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің көлік министрлерінің кеңесінде ағымдағы жылдың қараша айында қфтай жағымен талқылау көзделуде.
Қазақстан жағының жоба бөлігін «тек бюджет қаржысының ғана емес, сонымен бірге жеке капитал мен халықаралық қаржы институттарының несиесін белсенді тарту арқылы жүзеге асыру жоспарланған. Жобаны қаржыландыруға әзірлік танытқан халықаралық банктермен келіссөздер жүргізілген және олармен арадағы келісімге биыл қол қойылмақшы»,- деді ол.
Жобаның жалпы құны шамамен $7 млрд тең.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті