Қазақстан бас мүфтиі Қарағанды Мемлекеттік Университетінің студенттерімен кездесті
Қарағанды облысын аралап жүрген Қазақстан бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі Қарағанды Мемлекеттік Университетінің студенттерімен кездесті ,- деп хабарлайды облыстық әкімшіліктің ішкі саясат департаментінен KZ-today тілшісіне. |
Мүфти сапарының басты мақсаты- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан өткізіліп жатқан аттестациялау шараларына байланысты болмақ. Қазір діни басқарма Қарағанды облысындағы мұсылмандардың діни басқармасында аттестациялау шараларын өткізуде. Аттестация қорытындысы кейінірек белгілі болмақ.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі бүгінге дейін Қарағанды облысының Қарқаралы және Бұхар жырау аудандарын аралады. Бүгін, 1-шілдеде түске дейін Әбсаттар қажы Дербісәлі Қарағанды Мемлекеттік Университетінің оқытушы және студенттерімен жүздесті. Бұдан кейін бас мүфти облыс әкімі Камалтин Мұхамеджановпен кездесті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін