Сол көліктерге 778 миллион доллар жұмсалған.Бұл былтырмен салыстырғанда үш есе көп. Яғни, көршіміздің «Жигулиі» мен «Волгасы» лег-легімен жеткізіліп жатыр. Тіпті соңғы 8 айда Беларусьтан 1300 темір тұлпар келген. Осылайша, одақтастарымыз өз өнімін өткізіп пайдаға батуда. Алайда, біздің шенеуніктер бұған аса алаңдап отырған жоқ. Атқамінерлер Ресейге экспортталған жалғыз көлікті үлкен нәтиже көрсе керек. Сондықтан Қазақстан әзірше көршілеріне кіріптар бола береді. Ал отандық зауыттардан шыққан машина 2020 жылға қарай көп көлемде сыртқа сатылмақ.