Қазақстан делегациясы Әбу-Дабиде өтетін Болашақ энергиясы дүниежүзілік саммитіне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан делегациясы Әбу-Дабиде өтетін Болашақ энергиясы дүниежүзілік саммитіне қатысады

Қазақстан делегациясы Әбу-Дабиде өтетін Болашақ энергиясы дүниежүзілік саммитіне қатысады

ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров бастаған қазақстандық делегация 20-22 қаңтар күндері Әбу-Дабиде өтетін Болашақ энергиясы жөніндегі дүниежүзілік саммит жұмысына қатысады.

  • 15 Қаңтар 2014
  • 508
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, саммитке 100-ден астам елдің өкілі қатысатын болады. «Қазақстанның саммитке қатысудағы басты мақсаты — бұл Қазақстанның «жасыл» экономика көшуін және «Болашақ энергиясы» тақырыбында Астанада өтетін «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің басты межелерін паш ету», — деді ол.