Қазақстан делегациясы БҰҰ Бас ассамблеясының 71-ші сессиясына қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан делегациясы БҰҰ Бас ассамблеясының 71-ші сессиясына қатысуда

Қазақстан делегациясы БҰҰ Бас ассамблеясының 71-ші сессиясына қатысуда

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған қазақстандық делегация БҰҰ Бас ассамблеясы жұмысына қатысуда.

  • 21 Қыркүйек 2016
  • 610
Фото - Caravan.kz

Олар сессияның жалпы отырысына қатысып, БҰҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер басшыларымен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ халықаралық ұйым мінберінен сөз сөйлеп, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелігіне қатысты мәселелер бойынша кездесулер өткізеді. БҰҰ-дағы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінде сырты істер министрлері кездесіп, Бішкекте өтетін VI саммиттің дайындығы барысын талқылады. Ерлан Ыдырысов Германия, Украина, Канада, Ирландия және боливиялық әріптестерімен өткізген екіжақты кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері және Қазақстанның 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелігі, Германияның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Минск келісімін жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық мәселелері қаралды. Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Ияд Аль-Маданимен кездесуде 2017 жылдың қыркүйегінде Астанада өтетін ұйымның ғылым мен технологиялар мәселелері жөнгіндегі алғашқы саммитіне дайындық барысы пысықталды. Сондай-ақ Қазақстанның Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысы, АҚШ және ЕО делегациялары ұйымдастырған салтанатты қабылдауларға қатысып, өзінің барлық шетелдік әріптестерімен кездесулер өткізді.

— Қазіргі міндетіміз – жаһандық бейбітшілік, тұрақтылық, қауіпсіздік пен дамуға қатысты Елбасы бастамасын жүзеге асыру. Бұл дегеніңіз – ядролық қарусыз әлем құру, халықаралық лаңкестікпен күресу, тұрақты дамуды қамтамасыз ету. Бүгінгі сессияда Қазақстанның «жасыл» экономиканы дамыту қағидасын қолдайтынын тағы қуаттаймыз. Жыл соңына дейін климаттың өзгеруі жөніндегі Париж келісімін бекітетінімізді айтамыз. Бұл сессия Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланғанымен де маңызды. Біз өз аймағымыздың дамуына, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударуға тырысамыз. Ал бұл мәселе Ауғанстандағы жағдаймен тікелей байланысты болғандықтан оған да зор мән береміз, дейді ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.


Соңғы жаңалықтар