Қазақстан ДСҰ құрамына кіру туралы келіссөздер биыл аяқтала ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ДСҰ құрамына кіру туралы келіссөздер биыл аяқтала ма?

Қазақстан ДСҰ құрамына кіру туралы келіссөздер биыл аяқтала ма?

Қазақстанның ДСҰ-на мүшелікке ену жөніндегі келіссөздері

  • 13 Қаңтар 2014
  • 435
Фото - Caravan.kz


ақырғы кезеңге аяқ басты және 2014 жылы аяқталуы мүмкін. Бұл туралы дүйсенбі күні ОКҚ-де өткен брифингте Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.

«Біз көп жылдардан бері белсенді түрде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қазір ақырғы, қорытынды сатысындамыз. Ұйымға кіру үшін төрт келіссөз трегінен өту керек. Бұл: тауарлар, қызмет түрлері, ауыл шаруашылығы және жүйелік мәселелер туралы екіжақты келіссөздер. Қазіргі таңда тауарлар, қызмет түрлері, ауыл шаруашылығы мен жүйелік мәселелер жөніндегі келіссөздер аяқталуға таяп қалды. Енді Қазақстанның ДСҰ-на кірген кезде тарифті және жергілікті өнімдерді үйлестіру сынды екі мәселе қалды. Олар да аяқталуға жақын», — деп қосты вице-министр.