Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2005-жылы мүшелікке өтуі мүмкін - ҚР индустрия және сауда министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2005-жылы мүшелікке өтуі мүмкін - ҚР индустрия және сауда министрі

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2005-жылы мүшелікке өтуі мүмкін - ҚР индустрия және сауда министрі

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына алдағы екі жыл ішінде мүшелікке өтуі мүмкін,- деп мәлімдеді бүгін, 13-қазанда парламенттегі үкіметтік сағатта сөз сөйлеген ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков.

  • 13 Қазан 2003
  • 431
Фото - Caravan.kz

«Біздің көздегеніміз- Дүниежүзілік сауда ұйымына алдағы екі жыл ішінде, яғни, 2005-жылға дейін мүшелікке өту. Бұл мақсатымыз орындалады дегенге сенеміз»,- деді ол.

Әйтсе де, осы орайда министр «Дүниежүзілік сауда ұйымына нақты мүшелікке өтетін мерзімді тап басып айту мүмкін емес»,- деп атап көрсетті. Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанды аталмыш ұйымға мүшелікке қабылдау жөніндегі жұмыс тобы құрылған, оған Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше 150 елдің 66-сынан өкіл қамтылған. Солардың арасынан 36 елмен келіссөздер жүргізілуде»,- деді министр. Атап айтсақ, Әділбек Жақсыбековтың мәліметіне жүгінсек, қазір тек тауар (тарифтік ставкалар) саласында 11 мың позиция бойынша келіссөздер жүргізілуде. Осынау айрықша күрделі келіссөздер процессі 1996-жылдан бері жалғасуда.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі осы ұйымның мүшесі ретінде өз мүддесін қорғауға мүмкіндік береді,- деді Ә.Жақсыбеков. Атап айтсақ, министрдің айтуынша, Қазақстан тауарларын ұйымға мүше елдерге енгізуге тыйым салу шарасы алып тасталмақ. Мәселен, «қазір Қазақстаннан Еуропалық Одақ елдеріне болат экспорттау көлемі 110 мың тонна көлемінде шектелген, ал Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына нақты мүшелікке өткеннен кейін әлемдік экономикада еліміз мүддесін қорғауға кең мүмкіндіктер ашылады»,- деді министр өз түсініктемесінде.

Соңғы жаңалықтар