Қазақстан экономиканың көптеген салаларында Чили тәжірибесін зерттеуі ғажап емес - Кәкімжанов - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан экономиканың көптеген салаларында Чили тәжірибесін зерттеуі ғажап емес - Кәкімжанов

Қазақстан экономиканың көптеген салаларында Чили тәжірибесін зерттеуі ғажап емес - Кәкімжанов

Алматы. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Экономиканың көптеген салаларында Чили тәжірибесін мұқият зерттеу Қазақстан үшін халық шаруашылығының бірқатар салаларының даму үлгілерін құруға тамаша сүйеніш болары сөзсіз. "Чили экономикасы - сауда жасау және инвестиция салу мүмкіндіктері" атты семинарда Altay Asset Management компаниясының басшысы Зейнолла Кәкімжанов осылай мәлімдеді.

  • 28 Наурыз 2008
  • 1094
Фото - Caravan.kz

«Осы үлгіні көшіріп алған жөн», — деп өз пікірін білдірді З. Кәкімжанов.

Өзінің баяндамасы барысында Altay Asset Management басшысы Қазақстанның экономикалық өсімінің жоғарғы қарқынын атап өтіп, алдағы 30 жылда Қазақстан Орта Азия аумағындағы экономикалық көшбасшы мемлекетке және ет, сүт, жүн, көкөніс, жеміс-жидек пен шарап өнімдерінің маңызды экспорттаушысына айналатынына сенім білдірді.

З. Кәкімжановтың айтуынша, Қазақстан мен Чили ынтымақтаса алатын көптеген салалар бар. Оның пайымдауынша, мемлекеттер орналасқан жарты шарлар бөлек болуы себепті екі елдің экономикасы бірін-бірі маусымдық тұрғыдан толықтырып отырса болар еді. «Мықты агроөнеркәсіп кешені бар Чили мен Аргентина секілді мемлекеттер Қазақстанды өздерінің бәсекелесі ретінде қарастырмайды», — деп есептейді Altay Asset Management басшысы.

Қазіргі уақытта Ресей мен Қазақстандағы Чили елшілігінің мәліметтеріне сүйенсек, 16 млн адамы бар Чили 146 млрд АҚШ доллары көлеміндегі ЖІӨ-ге ие және сатып алу қабілетінің паритеті бойынша жан басына шаққанда ЖІӨ 12 мың АҚШ долларынан асып жығылады.

Чили экспортының құрылымының 45 пайызы өнеркәсіп өнімдеріне, 45 пайызы тау-кен өніміне (оның ішінде мыс 35 пайыз) және 10 пайыз ауыл шаруашылық өніміне келеді.

Елшілік атап көрсеткендей, Чили тәжірибесі экспортты әртараптандыру саласы бойынша қызығушылық тудырады. Осыдан 20 жыл бұрын Чили әлемдік нарықта негізінен мыс экспорттаушысы ретінде белгілі болатын. Қазіргі уақытта Чили дүниежүзіндегі аса ірі мыс өндіруші және әлемдік нарыққа шығарушы болып қалып отыр. Алайда, экспорт құрылымы әртараптандырылып, мыстың жалпы экспорт көлеміндегі үлесі шамамен 35 пайызды құрап отыр. Осылайша, Чили өз экспортының біржақты шикізатқа бағытталғанын жеңіп шыға алды.

Сонымен бірге, елдегі орман секторы өнімінің экспорты 1980-жылдардан бері 20 есе — 5 млрд АҚШ долларына дейін өсті. Шарап өнімдерінің экспорты 1985 жылғы 10 млн АҚШ долларынан 2007 жылы 1,3 млрд долларға дейін өсті. 2007 жылы Чили арқан балық және форель өндірісі жөнінен дүниежүзінде Норвегиядан кейінгі екінші мемлекетке айналды. Ал оның экспорты жөнінен көш бастап келеді (2,25 млрд АҚШ доллары тұратын 387 мың тонна).

Қазіргі уақытта Чилидің Қазақстанға жіберген ресми экспорты бар болғаны 520 мың долларды құрап отыр. Оның үстіне Чили өнімінің айтарлықтай бөлігі Қазақстан Республикасына Ресей арқылы келіп, іс жүзінде қайта экспортталады және ресми статистикамен тіркелмейді, деп атап көрсетті елшілік өкілдері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті