Жарияланды: 440

Қазақстан Энергия жеткізу тұрақтылығы жөніндегі Еуразиялық пакт қабылдауды талап етеді - ҚР СІМ

Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Энергия жеткізу тұрақтылығы жөніндегі Еуразиялық пакт қабылдауды талап етеді. Бұл туралы кеше Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 63-ші сессиясында сөйлеген сөзінде ҚР СІМ Марат Тәжин мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Энергетикалық және экологиялық проблемалардың тығыз байланысты екендігін ескере отырып біз Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан бір жыл бұрын осы сахнада көтерген Энергия жеткізу тұрақтылығы жөніндегі Еуразиялық пакт қабылдау және БҰҰ аясында ғаламдық энергетикалық экологиялық стратегия жасау жөніндегі біздің бастамаларымызға қайта назар аударамыз", - деді М. Тәжин. "Энергетикалық ресурстардың маңыздылығына байланысты ғаламдық энергетикалық тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығы бірнеше есе артты", -деп түсіндірді ол құжаттардың маңызын. Осы орайда министрдің айтуынша, Қазақстан "энергия көздерінің сенімді сатушысы ретінде өзінің маңызы мен жауапкершілігін сезінеді". "Қазақстан бұдан былай да экспорттық энергетикалық бағыттарды әртараптандыру стратегиясын жалғастырады, оларды таңдау тек қана экономикалық тиімділік пен прагматизмге сай құрылатын болады", -деп сендірді ҚР СІМ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть