Жарияланды: 500

Қазақстан ЭСКАТО мен Еуропалық экономикалық комиссиясының өңірлік кеңсесін ашуды ұсынады - Тәжин

Астана. 29 сентября. "Казахстан Сегодня" - Қазақстан өзінде БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағының елдері жөніндегі экономикалық комиссиясының (ЭСКАТО) және Еуропалық экономикалық комиссиясының өңірлік кеңсесін ашуды ұсынады. Бұл туралы кеше Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 63-ші сессиясында сөйлеген сөзінде ҚР СІМ Марат Тәжин мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз ЭСКАТО мен ЕЭК-тің Орталық Азиядағы қызметіне айрықша маңыз береміз. Бұл ұйымдардың өңір елдерінің Мыңжылдық даму мақсаттарына уақытында қол жеткізу жұмыстарына белсене атсалысуы жоғары бағаға лайық. Қазақстанда БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағының елдері жөніндегі экономикалық комиссиясының (ЭСКАТО) және Еуропалық экономикалық комиссиясының өңірлік кеңсесін ашу Орталық Азияның әлеуметтік және экономикалық даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған күш-жігерін одан әрі үйлестіруге қызмет етеді", - деді М. Тәжин. "Осыған байланысты барлық мемлекеттерден осы бастаманы қолдауды сұраймыз", - деді ол сессияға қатысушыларға арнап. "Қазақстан Мыңжылдық даму мақсаттарына дер кезінде тиімділікпен жету жөніндегі өз міндеттемелеріне берік, біз осы саладағы бірқатар міндеттерді атқардық, атап айтқанда, кедейлікті азайту, білімге қол жеткізу мүмкіндігі мен әйелдер құқығын ілгерілету. Қазір біз "Мыңжылдық даму мақсаттары плюс" атты күнтәртібін жүзеге асыра бастадық, ол біздің елдің жағдайларына бейімделген және біршама жоғары көрсеткіштер мен индикарторлар қарастырылған", -деді министр. Ол сонымен бірге "тұрақты дамуға көшудің еуропалық және азиялық процесстерін жақындату және оларды біртұтас Еуразиялық процесске біріктіру үшін Қазақстан 2010 жылы Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің экология, экономика және әлеуметтік қорғау министрлерінің конференциясын, және 2011 жылы "Еуропаның қоршаған ортасы" атты жалпыеукропалдық конференциясын өткізуге бастама көтерді", деп еске салды. "Біз жалпы дүниежүзілік қоғамдастыққа, БҰҰ мен оның мамандандырылған ұйымдары мен бағдарламаларына елімізге Арал өңіріндегі және бұрынғы Семей ядролық полигоны аймағындағы экологиялық апаттардың зардаптарын жоюға, еңсеруге көмек көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бұдан былайғы белсенді ынтымақтастыққа шақыра отырып, Бас ассамблеяның 63-ші сессиясының Семей өңірі проблемалары жөніндегі және Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорға БҰҰ Бас ассамблеясының жанындағы бақылаушы мәртебесін беру жөніндегі резолюциялардың жобаларын қолдауды сұраймыз", -деді Қазақстан сыртқы істер министрі. Ол сонымен бірге зілзалалар мен антропогендік апаттар саныың ұлғая түсуі "төтенше жағдайларға жауап қатудың ең тиімді жолы ретінде халықаралық ынтымақтастықты қарқындандыру қажет тігіне алып келеді" деген пікірде. "Қазақстан Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі Орталық Азиялық үйлестіру орталығының үлгісінде ұлттық және өңірлік платформалар құру бағытындағы ынтымақтатсықты қолдайды", - деді М. Тәжин. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть