Қазақстан Елбасының Пәкістанға ресми сапары барысында бірқатар құжаттарға қол қою көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Елбасының Пәкістанға ресми сапары барысында бірқатар құжаттарға қол қою көзделіп отыр

Қазақстан Елбасының Пәкістанға ресми сапары барысында бірқатар құжаттарға қол қою көзделіп отыр

Үкіметаралық Қазақстан-Пәкістан комиссиясы отырысының хаттамасына сәйкес Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Пәкістанға ресми сапары барысында бірқатар құжаттарға қол қою көзделіп отыр. Комиссия отырысының хаттамасына осы комиссияның тең төрағалары ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеев пен Пәкістан Ислам Республикасының қаржы министрі Шаукат Азиз қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 5 Желтоқсан 2003
  • 682
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, тараптар өзара инвестицияны ынталандыру және қорғау туралы келісімге, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге, салалық банктер ашу шарттары туралы және банк іс-қызметіне бақылау жасау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Пәкістан ұлттық қазіргі заманғы тілдер университеті арасындағы келісімге қол қоюға уағдаласты.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, желтоқсанның 8-9 күндері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасына ресми сапар жасайды. Ресми сапартоп құрамында сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев, Қазақстанның Пәкістандағы төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев, Елбасының көмекшісі Кәрім Мәсімов, ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков, Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко және Астана әкімі Темірхан Досмұхамбетовтар бар.
Сапар аясында, желтоқсанның 9-ы күні, Исламабадта «Қазақстан — сіздің сауда және инвестициялық серіктесіңіз» деген тақырыпта бизнес-форум өтеді. Форумды Қазақстанның Пәкістандағы елшілігінің ресми қолдауымен, инвестицияларға ықпал жасау жөніндегі «Қазинвест» орталығы, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті және Пәкістан Үкіметі жанындағы Инвестициялар жөніндегі бюросы бірлесіп ұйымдастырады. Форум аяқталғаннан кейін екі мемлекет кәсіпкерлерінің арасында екіжақты келіссөздер өтеді.

Соңғы жаңалықтар