Қазақстан елшісі Ирландия президентіне сенім қағазын табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан елшісі Ирландия президентіне сенім қағазын табыс етті

Қазақстан елшісі Ирландия президентіне сенім қағазын табыс етті

Қазақстан елшісі Ерлан Ыдырысов Ирландия президенті МэриМакАлизге сенім қағазын табыс етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан.

  • 28 Қазан 2003
  • 461
Фото - Caravan.kz

Рәсім аяқталғаннан кейін қазақстандық елші Ирландия президентіне Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың барысы туралы баяндай отырып, саяси, экономикалық және мәдени саладағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің кең мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

Дублин қаласында Е.Ыдырысов Ирландияның ресми және іскерлік өкілдерімен кездесіп, онда екі жақты саяси және сауда-экономикалық байланыстарды дамыту перспективасы туралы талқылады. Атап айтсақ, Ирландияның ауылшаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібі министрліктерінде өткен кездесуде Ирландия жағы агроөнеркәсіп саласында Қазақстанмен арадағы байланысты нығайтуға құлшыныс білдірді.
Ирландияның ғылым, технологиялар және білім министрлігінің бас хатшысымен кездесуде Қазақстан елшісі білім беру саласының айрықша маңызын атай отырып екі елдің осы саладағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы талқыға салды. Тараптар сондай-ақ, екі елдің білім министрліктері арасындағы өзара түсіністік туралы және екі елдің жоғарғы оқу орындары арасында грант пен жеңілдіктер төлей отырып өзара студент алмасу мәселесін зерттеу туралы бірлескен жобалар жасау жөнінде келісімге келді.
Дублиннің сауда-экономикалық палатасы мен Ирландиядан тысқары жерлерде ирландиялықтардың іскерлік белсенділігін арттыруға ынталандырушы Энтерпрайз Айрлэнд (Enterprise Ireland) атты мемлекеттік ұйымының басшылығымен кездесуде Дублин қаласында бизнес-семинар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ирландиялық кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілердің қатысуымен өтетін бұл бас қосуда Қазақстанның бизнес-тұсаукесері жасалатын болды. Семинардың мақсаты — екі елдің жеке меншік секторын өзара жақындастыру, Ирландиялық іскерлік өкілдердің назарын Қазақстанға аудару, соның ішінде әсіресе ақпараттық технологиялар, инновациялар, фармацевтика және ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларындағы ынтымақтастық аясын кеңейту болмақ. Кездесулер барысында сондай-ақ, Ирландия жағы осы ел іскерлерінің Қазақстан нарығын зерттеуі және болашақ әріптестерімен келіссөздер жүргізуі үшін арнайы сапар ұйымдастыруға ықылас білдірді.

Соңғы жаңалықтар