Жарияланды: 460

Қазақстан елшісі Сербия және Черногория президентіне сенімхатын тапсырды

Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Рахат Әлиев Сербия және Черногория президенті Светозар Маровичке сенімхатын тапсырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Р.Әлиевтің Белградқа сапары барысында сондай-ақ, осы елдің сыртқы істер министрі Горан Свиланович және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Бранко Луковац мырзалармен кездесулері өтті. Тараптар екі жақты қарым-қатынастарды дамыту турасында өзара пікір алмасты. Кездесулер барысында Қазақстан үкімет басшысының Белград сапарын ұйымдастыру және екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өткізу мүмкіндіктері сарапқа салынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін