Қазақстан ең ұзақ өмір сүретін елдердің қатарына қосылатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ең ұзақ өмір сүретін елдердің қатарына қосылатын болады

Қазақстан ең ұзақ өмір сүретін елдердің қатарына қосылатын болады

Қазақстандықтар ең ұзақ өмір сүретін елдердің қатарына қосылатын болады.

  • 17 Қаңтар 2014
  • 643
Фото - Caravan.kz


Бүгін Президент Н. Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы барысында осылай мәлімдеді.

Мемлекет басшысының пайымынша, урбанизацияның жаһандық үдерісіне орай қалалық тұрғындар үлесі бүгінгі 55 пайыздан 75 пайызға дейін жетуі болжанады. Қалалар мен елді мекендерді сапалы жолдар, көліктің барлық жүрдек түрлері қосып жататын болады.

«Ал салауатты өмір салтын ұстану мен денсаулық сақтау саласын дамыту қазақстандықтардың өмір сүру жасын сексен жастан да асыруды қамтамасыз ететін болады. Қазақстан медициналық туризмнің ең жетекші Еуразиялық орталығының біріне айналады. Алдыңғы қатарлы ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру аяқталады. Біздің еліміз әлем елдері арасында тұрғындары үшін ең қауіпсіз, ең жайлы ел болады. Бейбітшілік пен әділеттілік, тұрақты даму, әділ сот төрелігі, тиімді құқықтық қамтамасыз ету — бұлар дамыған елдердің негізі», деді Н. Назарбаев.