Жарияланды: 840

Қазақстан ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығындағы айырмашылық бойынша 1-ші орында

Қазақстан ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығындағы айырмашылық бойынша 1-ші орында

Қазақстан Кавказ бен Орталық Азия елдерінің арасында ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығындағы айырмашылық бойынша бірінші орында, делінген БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қорының (ЮНФПА) мыңжылдық бағдарламасы бойынша зерттеуінде.

«Қазақстан ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығындағы айырмашылық бойынша 1-ші орында. Бұл көрсеткіш 10 жылдан көп», - деп хабарлады зерттеудің авторы, Пенсильвания университетінің (АҚШ) демография профессоры Мишель Гийо бейсенбі күні баспасөз мәслихатында. «Қалыпты айырмашылық (ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығындағы айырмашылық бойынша - ҚазТАГ) – 4-5 жыл. Қазақстанда бұл көрсеткіш 12 жылды құраған. Биыл ғана 10 жылға дейін қысқарды. Қазір бізде ерлер орта есеппен 63,5 жыл, әйелдер 73,2 жыл өмір сүреді», - деп мәлім етті ҚР статистика жөніндегі агенттігінің әлеуметтік және демографиялық статистика департаменті директорының орынбасары Ерболат Мусабек. ТМД-ның орталықазиялық елдерінің арасында Қазақстан сәбилер өлімінің төмен деңгейі бойынша да бірінші орында. Ал ересектер өлімі бойынша Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан кейінгі 4-ші орында. «Сәбилер өлімінің деңгейі Қазақстанда ең төмен. Ал ересек адамдардың арасында өлім-жітім көрсеткіші мұнда (Қазақстанда - ҚазТАГ) жоғарырақ. Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріндегі статистика проблемаларын ескермегенде осылай. Яғни, ресми мәліметтер іс жүзіндегі жағдайға сәйкес келмеуі мүмкін», - деді М. Гийо. ҚР статистика жөніндегі агенттігінің болжамына сәйкес, 2013 жылдың наурызында Қазақстан халқының саны 17 млн адамға жетеді. ЮНФПА 2011 жылдың 31 қазанында жер бетіндегі халықтың саны 7 млрд адамға жетеді деп болжайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін