Қазақстан Еуразиялық кеңістіктегі ғылыми-инновациялық салада көшбасшы болуға тиіс - Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Еуразиялық кеңістіктегі ғылыми-инновациялық салада көшбасшы болуға тиіс - Елбасы

Қазақстан Еуразиялық кеңістіктегі ғылыми-инновациялық салада көшбасшы болуға тиіс - Елбасы

АСТАНА. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан Еуразиялық кеңістіктегі ғылыми-инновациялық салада көшбасшы болуға тиіс. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жас ғалымдармен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 27 Наурыз 2007
  • 555
Фото - Caravan.kz



«Біз ғылыми-инновациялық салада жарып алға шығуға тиіспіз. Еуразиялық кеңістікте осы саладағы көшбасшылардың бірі болуымыз қажет»,- деді президент.

«Біз қазір Қазақстанда әлемдік жетекші елдер жақындап қалған экономикалық модельді құруға тиіспіз»,- деп атап көрсетті Н. Назарбаев. «Сондықтан да күн тәртібінде елімізді «білім экономикасына» көшіру мәселесі тұр»,- деп қосты ол. «Қазақстан үшін бұл «мемлекеттердің ұлы көшінің шаңын қауып артында қалмаудың жалғыз жолы»,- деп санайды президент.

«Біздің алға қойған асқаралы мақсатымызға заманауи ғылымды дамытпайынша, ғылыми зерттеулердің қуатты базасын құрмайынша, заманауи технологиялар мен инновацияларсыз қол жеткізу мүмкін емес»,- деп атап өтті мемлекет басшысы.