Қазақстан Франциямен тауар айналымын арттыратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Франциямен тауар айналымын арттыратын болды

Қазақстан Франциямен тауар айналымын арттыратын болды

Қазақстан болашақта Франциямен арада тауар айналымын елеулі түрде арттырмақ, деп хабарлады республиканың инвестициялар және даму министрлігінің вице-министрі Ерлан Сағадиев.

  • 5 Желтоқсан 2014
  • 523
Фото - Caravan.kz


"Соңғы жылдары, әсіресе соңғы үш жылда Франция Қазақстанның жетекші сауда әріптестерінің қатарына енді, бесінші орында. Биылғы жылдың тоғыз айының нәтижелері бойынша тауар айналымы шамамен 5 млрд долларды құрады, алдағы уақытта тауар айналымы елеулі түрде арта түседі деп айтуға толық негіз бар», деді ол жұмада Астанада қазақстандық-француз бизнес форумы барысында.
Е.Сағадиев атап өткендей, Франция Қазақстанның ірі инвесторларының бірі болып табылады.
"2005 пен 2014 жылдар аралығында инвестициялар көлемі шамамен 8 млрд еуроны құрады, бұдан да көп болады», деді ол.
Оның деректеріне қарағанда, Қазақстанда бүгінде мұнай газ, атом, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, көлік және қызмет көрсету саласында жүзден аса ірі француз компаниясы жұмыс істейді.
"Қазақстандық кәсіпорындар француз рыногына шығу мүмкіндіктерін қарастыруда», деді ол.
Жуық арада француз компанияларымен ғарыштық серік , атом реакторлары үшін отын, күн батареяларын шығару жөнінде ынтымақтасу көзделген.