«Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының президентіне қатысты тергеу аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының президентіне қатысты тергеу аяқталды

«Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының президентіне қатысты тергеу аяқталды

Қаржы полициясы «түйені түгімен жұтқан» осындай құлқыны кең шендіге қатысты тергеуді аяқтады. «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының президенті Ғабдуллатиф Мырзақұлов биыл тамызда пара алып ұсталған еді.

  • 31 Қазан 2013
  • 313
Фото - Caravan.kz


Ол да жеке құрылыс компаниясының басшысынан құны 12 млрд.теңгеден асатын ғарыш кешенін салуға байланысты өткізілетін тендерден жеңіп шығуына көмектесемін деп уәде берген. Ал қызметін 210 млн теңгеге бағалапты. Істі 3 айға жуық тергеген Қаржы полициясы шенеуніктің бұдан да өзге былығын ашып, тағы 90 миллион теңгені алаяқтық жолмен қалтасына басқанын анықтап отыр. Мырзақұлов жақын туыстарының атына 77 млн. теңге аударып, Астанадан екі пәтер мен зәулім коттедж салдыртып, сондай-ақ, 90 мың долларға Алматы облысынан жалпы аумағы 342 гектар болатын 7 жер телімін сатып алған. Қазір жемқор шенеунік алғашқы қылмысы  бойынша тергеу қорытындысымен танысып жатыр.