"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясының президенті Виталий Метте қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясының президенті Виталий Метте қайтыс болды

"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясының президенті Виталий Метте қайтыс болды

Бүгін, 4-шілде күні таңертеңгісін Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, қорғаныс өнеркәсібіне қарасты "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясының президенті Виталий Метте ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Шiлде 2003
  • 462
Фото - Caravan.kz

В.Метте 1947-жылдың 5-қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Козлушка ауылында туған. Севастополь қаласындағы жоғары әскери-теңіз училищесін әскери инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады. Техника ғылымдарының кандидаты .

1994-жылдың қазан айына дейін В.Метте Үлбі металлургия зауытын басқарды. 1995-жылдың наурызына дейін ҚР үкімет басшысының орынбасары болды. 1995-жылдың наурызынан 1996-жылдың наурызына дейін ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Ал 1997-2003 жылдар аралығында В.Метте Семей, кейінірек Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды .
В.Метте Өскемен қаласындағы Ушанов зиратында жерленеді.

Соңғы жаңалықтар