Қазақстан ислам әлемінің шамшырағына айналып келеді - Катар әмірі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ислам әлемінің шамшырағына айналып келеді - Катар әмірі

Қазақстан ислам әлемінің шамшырағына айналып келеді - Катар әмірі

Астана. 5-наурыз. "Қазақстан Бүгін" Қазақстан ислам әлемінің шамшырағына айналып келеді, - деп мәлімдеді Қазақстан Катар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тани бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге "Нұр Астана" Ислам мәдени орталығында болған кезде.

  • 5 Наурыз 2008
  • 736
Фото - Caravan.kz

Президенттің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Катар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Таниге елорданың көрікті орындарының біріне айналған осы мешітті салдырғаны үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде Катар мемлекетінің Әмірі мешіт ғимаратының ұнағанын атап өтті.

«Нұр Астана» Ислам мәдени орталығы Катар Әмірінің Қазақстанға ресми сапарының бағдарламасы барысында аралап көрген соңғы нысан болды.

Еске сала кетейік, «Нұр Астана» Ислам мәдени орталығының құрылысы Катар мемлекетінің қайтарымсыз қаржысына салынған.

Мешіт ғимаратының жалпы аумағы 3 мың шаршы метрді құрайды. Оның айналасында әрқайсысының биіктігі 62 метрді құрайтын төрт мұнара бар. Басты күмбездің биіктігі 43 метрді құрайды. Мешіт бір мезгілде бес мыңға жуық мінәжат етушіні қабылдай алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті