«Жуырда Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі діни қоғамдастықтар арасындағы келісімнің стратегиялық актив болып саналатынын дәлелдеп берді. Осы орайда біз Қасиетті қос мешіттің қорғаны, Сауд Арабиясы королі Абдалла ибн Әбдел Әзиз иб әл-Саудтың ислам ағымдары арасында халықаралық диалог орталығын құру туралы бастамасын қуаттаймыз», — деді ол ИЫҰ СІМ-і кеңесінің 39-шы отырысында.
Министрдің айтуынша, ИЫҰ алдағы уақытта да жек көрушілік пен исламды құбыжық етіп көрсетуге қарсы күресуді жалғастыруы тиіс.
Биыл Қазақстанның ИЫҰ СІМ Кеңесіне төрағалығы аяқталады.