Жарияланды: 560

Қазақстан Канада мен АҚШ-тан кұс етін импорттауға уақытша тыйым салды

Қазақстан Канада мен АҚШ-тың Техас штатынан кұс етін импорттауға уақытша тыйым салды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен бүгін, 2-наурызда хабарлады.

Халықаралық эпизоотикалық бюроның ақпаратына сәйкес, Канада мен АҚШ-тың Техас штатында құс тұмауының аса жұқпалы қоздырғышы тіркелген. Құс еті мен құс шаруашылығы өнімдерін елімізге енгізуге салынған тыйым төтенше тапсырмаға дейін сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін