Жарияланды: 380

Қазақстан Каспий теңізінің өзіне қарасты бөлігінде түңғыш рет коммерциялық мақсатта мұнай өндіруді 2006-жылы қолға алады

Каспий теңізінің Қазақстандық шельфін игеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес еліміз түңғыш рет коммерциялық мақсатта мұнай өндіруді 2006-жылы бастайды. Бұл туралы бүгін, 8-шілдеде өткен кезекті үкімет отырысында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов хабарлады.

"Алайда біз жобаны жүзеге асыруға қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру бағытында ешбір қадам жасаған жоқпыз. Шельфті игеру әлдеқашан басталса да теңіздегі жобаларды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар әлі жасалған жоқ",- деді премьер-министр. Даниал Ахметовтың пайымдауынша, Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру жобасы тым салғырт жүзеге асырылуда. Осыған байланысты үкімет басшысы тиісті министрліктер мен Ұлттық компанияларға Қазақстаннның теңіздегі жекелеген жобаларға атсалысу мүмкіндіктерін анықтауды, инфрақұрылым қалыптастыруға қажетті нақты шаралар жоспарын 2003-жылдың қыркүйегіне дейін жасап бітіруді тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть