Қазақстан Кеден қызметі КО аумағы бойынша тауарларды транзитпен өткізудегі жеңілдіктер туралы хабарлады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Кеден қызметі КО аумағы бойынша тауарларды транзитпен өткізудегі жеңілдіктер туралы хабарлады

Қазақстан Кеден қызметі КО аумағы бойынша тауарларды транзитпен өткізудегі жеңілдіктер туралы хабарлады

ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті хабарлаған жеңілдік Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасының аумақтары бойынша кедендік транзиттің кедендік рәсімі бойынша тауарларды өткізу үшін қажетті кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сертификатын берумен түсіндіріледі.

  • 31 Қазан 2013
  • 1519
Фото - Caravan.kz

Бұрын Сертификат кедендік транзит рәсімін ашу кезінде тек Кеден одағына қатысушы елдің аумағында ғана қағаз тасымалдағышында берілген. Бұл уақыт жоғалтумен бірге, қаржылық шығынға да әкелді.

Бұдан басқа Кеден одағының кеден заңнамасын сақтауды және мемлекеттің бюджетіне кедендік төлемнің уақтылы түсуінің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында Ресей Федералдык кеден қызметі 2013 жылғы 14 қыркүйектен бастап Ресей Федерациясы аумағы бойынша тауарлар өткізу кезінде ХЖТ кітапшасын пайдалану тәртібін өзгерткенін атап өту қажет.

Практикада бұл 14 қыркүйектен бастап Ресейге немесе Ресей арқылы тауарлардың әрбір тасымалына Кеден одағы Кеден кодексінің 217-бабы 1-тармағында көзделген кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шаралары қолданылатынын көрсетеді.

Осыған байланысты, 2013 жылғы 16 қазаннан бастап КО елдерінің кеден қызметтері кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сертификаты туралы мәліметтермен автоматты түрде ақпарат алмасуды енгізді.

Жоғарыда аталған шаралар 2011 жылғы 18 маусымдағы «Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар өткізуді бақылау кезіндегі Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының ақпараттық өзара іс-қимыл технологиясы» және 2010 жылғы 21 мамырдағы «Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар тасымалдауына Кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiне қатысты қамтамасыз етуді және сондай тауарларға қатысты өндірілетін соманың аудару тәртібін ұсынудың кейбір мәселелері туралы келісімнің» негізінде іске асырылған.


Келісімге сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар өткізуді бақылау кезіндегі Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының ақпараттық өзара іс-қимылының тәртібі мен регламенті анықталған.

Осы Технология Кеден одағының Ұлттық ақпараттық жүйелері бағдарламалық құралдары кешенінің көмегімен кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сертификаты туралы ақпарат алмасуды көздейді.

Осының негізінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларда және басқа мүдделі тұлғаларда кедендік транзит рәсімін ашу үшін КО-ға мүше басқа елдің аумағында Сертификатты алуға уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Қосымша ақпаратты ҚР ҚМ КБК Call — орталығының тегін желісінде: 1412 телефоны арқылы немесе www.e.customs.kz ресми порталында алуға болады. Бұл туралы ҚР ҚМ КБК баспасөз қызметінен хабарлады.