Кеше облыс әкімі Нұрғали Әшімов Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов басқарған ассамблея өкілдерімен кездесті.
«Бауырларымыз қолдауға зәру болып отырған сәтте біз сырттай қарап отыра алмаймыз. Тасқыннан зардап шеккен Оңтүстік Қазақстандықтар қиын-қыстау сәтте өздерінің жалғаз емес екенін білуге тиіс», — деді Е. Тоғжанов.
Корей диаспорасынан тасқыннан зардап шеккендерге көмек ретінде 2 млн теңге келіп түсті.
Ұйғыр ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Ахметжан Шардинов : «Біздің ұлттық-мәдени орталық бір көпірге тегін темірбетон конструкция орнатып береді. Сонымен бірге біз құрылыс материалдарын жеткізуге қолұшын бермекшіміз»,-деді.
Е. Тоғжановтың айтуынша, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері зардап шеккен Оңтүстік Қазақстандықтарға көмекке қаржы жинау жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.
«Қазірдің өзінде кәсіпкерлердің басым бөлігі үн қатты. Шағын және орта бизнес те бұл шаруаға араласатын болады, біз қолымыздан келгенінше көмек көрсетеміз», -деді төраға орынбасары.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында тасқыннан 51 елдімекен су ішінде қалып, 2397 үйді су алып, 411 үй бүлінді (тағы 900 үйдің жағдайы сын көтермейді), 8 мектеп су ішінде қалып, 4 көпір қирады, 210 шақырым каналдарға зақым келді. Жалпы алғанда 13 мыңнан астам адам зардап шегіп, екі адам қаза тауып, 470 бас мал қырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті