Қазақстан халқының саны 17 млн. 53 мың адамды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан халқының саны 17 млн. 53 мың адамды құрады

Қазақстан халқының саны 17 млн. 53 мың адамды құрады

Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 17 млн. 53 мың адамды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында аталған ведомствоның басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.

  • 13 Қыркүйек 2013
  • 687
Фото - Caravan.kz

«2013 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 17053,4 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар — 9 млн. 366 мың, ал ауылдықтар — 7 млн. 687 мың. Биыл қаңтар-шілдеде, жалпы елімізде халық саны 143,6 мың адамға немесе 0,8 пайызға өсті. Ал 2012 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда 237,8 мың адамға немесе 1,4 пайызға артты», — деді агенттік төрағасы.

Аталған мерзімде республика халқының табиғи өсімі 144,4 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффиценті 1000 адамға шаққанда 14,6 адамды құрады.


Оның сөзіне қарағанда, қаңтар-шілдеде АХАТ органдарында 227 мың жаңадан туған сәбилер тіркелді, бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,5 пайызға артты.