Қазақстан халықтары ассамблеясы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан халықтары ассамблеясы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енуі мүмкін

Қазақстан халықтары ассамблеясы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енуі мүмкін

Қазақстан халықтары ассамблеясын ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралер тізіміне енгізу жөнінде өтініш жасалды. Бұл туралы еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.

  • 12 Қыркүйек 2014
  • 971
Фото - Caravan.kz

«Біз Қазақстан халықтары ассамблеясы сынды тамаша институтты ЮНЕСКО тізіміне қуана енгіземіз. ЮНЕСКО көптеген бағыттар бойынша жұмыс істейді. Оның материалдық, материалдық емес мәдени мұралар сынды бағыттары, «тарихи ескерткіштер» номинациясы бар», — деді ол жұма күні Астанада өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, «Қазақстан халықтары ассамблеясы әлемдік өркениеттің игілігі атануға лайықты».


Елбасының жарлығы бойынша 2015 жыл Қазақстан халықтары ассамблеясы жылы болып жарияланған болатын.