Жарияланды: 450

Қазақстан халықтары Ассамблеясының Х сессиясы 12-желтоқсанда Астанада өтеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының Х сессиясын шақыру туралы бұйрыққа қол қойды.

Бұйрыққа сәйкес Ассамблеяның кезекті сессиясы 12-желтоқсанда Астанада өтеді. Сессияның күн тәртібінде "Этносаралық келісімнің Қазақстандық моделі : тәжірибе, практика және келешек" деген тақырып талқыланады. Бұйрық бойынша үкіметке сессияны өткізуді ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру жөнінде тапсырма берілді. Бұйрық ресми баспасөзде жарияланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін