«Біз Қытай шекарасынан Каспий теңізінде дейінгі 1500 шақырымдық жаңа темір жолын төседік. Бұл жол Иран айлақтармен жалғасып, Парсы шығанағындағы барлық мемлекеттерге шығуға мүмкіндік береді», — деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, болашақта дәл осы көлік дәлізін Үндістанның батыс бөлігіндегі порттармен жалғастыру жоспарланып отыр.
«Бұл жайында таяу уақытта елімізге сапармен келетін Үндістан Премьер-Министрімен уағдаластыққа келеміз деп ойлаймын», — деді Елбасы.