Қазақстан кувейттік кәсіпкерлердің қызметі үшін жағдай жасауға дайын - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан кувейттік кәсіпкерлердің қызметі үшін жағдай жасауға дайын - үкімет басшысы

Қазақстан кувейттік кәсіпкерлердің қызметі үшін жағдай жасауға дайын - үкімет басшысы

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Кувейт Әмірлігі әкімшілігінің басшысы, шейх Насер Сабах әл-Ахмад ас-Сабахпен кездесті, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Сәуiр 2008
  • 484
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесуде Қазақстан мен Кувейт арасындағы саяси, сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

ҚР премьер-министрі мәртебелі мейманға Қазақстанда жүргізіліп отырған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар барысы мен бағыты, сондай-ақ еліміздің инновациялық, өнеркәсіп, білім беру, медициналық, инфрақұрылымдық дамуы бағдарламаларын іске асыру туралы хабардар етті.

«Қазақстан экономикасы кувейттік кәсіпкерлерге металлургиялық, химиялық, тау-кен байыту және ауыл шаруашылығы салаларында кең көлемдегі өнімдерді ұсынуы мүмкін. Өз кезегінде, біз кувейттік тауарлар үшін ашықпыз және қазақстандық рынокқа кувейттік кәсіпкерлердің қызметі үшін жағдай жасауға дайынбыз»,- деді Кәрім Мәсімов.

Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды құрайтын инвестицияны жандандыру мәселесі талқыланды.

Премьер-министр мұнайгаз секторындағы, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, құрылыс және ірі өнеркәсіптік өндірісті қайта құрылымдау, туризм салаларындағы ірі стратегиялық жобаларды іске асыру мақсатында Кувейттен жеке меншік және мемлекеттік инвестиция тарту үшін Қазақстанның ашық екенін жеткізді.

Тараптар әлеуметтік мүмкіндіктер туралы ақпарат алмасуды арттыру қажеттігі, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қолда бар әлеуетін толық көлемде іске асыруға мүмкіндік беретін өзара экономикалық және инвестициялық мүдделер туралы атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті