Қазақстан лаңкестікке қатысы бар деген күдіктіні Өзбекстанға экстрадициялады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан лаңкестікке қатысы бар деген күдіктіні Өзбекстанға экстрадициялады

Қазақстан лаңкестікке қатысы бар деген күдіктіні Өзбекстанға экстрадициялады

АСТАНА. 31-тамыз. Kazakhstan Today. ҚР ҰҚК-нің органдары бүгін Өзбекстан бас прокуратурасының санкциясын негізге ала отырып Өзбекстандағы қазіргі конституциялық құрылымды құлатуға әрекет жасаған және лаңкестікке қатысы бар деген күдіктіні Өзбекстанға экстрадициялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 31 Тамыз 2006
  • 336
Фото - Caravan.kz

Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің сұранысы бойынша күдіктіні ҚР ҰҚК органдары 11-шілдеде Астанада анықтап ұстаған. Күдіктіні Өзбекстанның құқық қорғау мекемелері аса ауыр 18 қылмысқа қатысы бар деген күдікпен іздестіріп жатқан көрінеді. Өзбекстанның құқық қорғау мекемелері қозғаған қылмыстық іс материалдары бойынша оған лаңкестікке қатысы бар және Өзбекстандағы қазіргі конституциялық құрылымды құлатуға әрекет жасаған деген айыптар тағылып отыр.

Сонымен бірге күдікті тыйым салынған діни-экстремистік ұйымдарға жастарды тартқан, тонаушылық, қарақшылық шабуылдар мен кісі өлтіру оқиғаларына қатысы бар деп танылуда.

Ташкент ІІББ-нің өкілі Икром Ниязовтың айтуынша, күдікті 2004-жылдан бері іздеуде болған. Ол 2004-жылдың 18 және 30-қазанында Ташкентте және Ташкент облысында болған лаңкестік оқиғаларға қатысқан.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар