Жарияланды: 450

Қазақстан мәжілісінің өкілі Нью-Йоркте ЮНИСЕФ отырысына қатысты

Алматы. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Нью-Йоркте БҰҰ бас пәтерінде БҰҰ балалар қоры - ЮНИСЕФ-тің Атқару кеңесінің сессиясы өтуде. Кеше оған қатысушылар балалардың мүддесіне орай саясатты ақпараттық насихатпен қамтамасыз етуге арналған арнайы отырыс өткізді. Қазақстан парламенті мәжілісінің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова бюджетті балалардың мүддесін ескере отырып жасақтауға қатысты Қазақстан тәжірибесімен

бөлісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап. Ол бүгінде Қазақстан Республикасында 4,5 млн бала мен бала туу жасындағы 4,3 млн әйел тұратынын, бұл жалпы ел халқының 58% құрайтынын жеткізді. Осындай жағдайды ескеру негізінде Қазақстанда әлеуметтік қамсыздандыру мен балаларды қорғаудың көп деңгейлі жүйесі құрылып, ақшалай жәрлемақылар төленеді, сапалы әлеуметтік қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілген, деді ол. Мәжіліс өкілі Қазақстанда жыл сайын әлеуметтік салаға жалпы бюджет шығындарының 33 - 35% көлемінде қаржы жұмсалатынын атап өтті. Бұл орайда балалардың мүддесіне тікелей байланысты бағдарламаларды қаржыландыруға баса назар аударылады, деді ол. Соған байланысты жағдайдың жылдан -жылға жақсарып келе жатқанын айтқан Г.Қарағұсова балалардың мүддесіне сай өзгертулерді одан әрі тереңдету процессінде ЮНИСЕФ тарапынан техникалық көмек алуға үміт білдірді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть