«Қазақстандағы Украина жылының кешегі ашылуына ризамыз. Бұл оқиға саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясын кеңейтуге қызмет етіп, Қазақстанда тұратын жарты миллион украиналықтар үшін аса үлкен маңызға ие болмақ», -деді президент.
Осы орайда мемлекет басшысы 2007 жылы Украинада Қазақстан жылын өткізу екі ел арасындағы ықпалдастыққа барлық бағыттар бойынша серпін бергенін атап өтті. «Нәтижесінде екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы 64%-ға өсті», -деді Н. Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті