Жарияланды: 540

Қазақстан мен Беларусь бірлескен кәсіпорындар құрудан мүдделі - Божко

Астана. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Беларусь бірлескен кәсіпорындар құрудан мүдделі. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Беларусьтің сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысының екінші күні Қазақстан төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Екі жақ та Қазақстанда жиһаз, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, минералдық тыңайтқыштар өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорындар құруға қызығушылық танытты", - деді В. Божко. Өз кезегінде Беларусь премьер-министрінің орынбасары Иван Бамбиза тараптардың сауда-экономикалық және өңірлер арасындағы байланыста мүмкіндікті толық пайдалана алмай отырғанын атап өтті. "Бірақ бұл бағытты Қазақстан жағы қолдағанын атап өту керек. Ағымдағы жылдың аяғына дейін Беларусь Республикасының Могилев облысы мен Шығыс Қазақстан облысы арасында, ал 2009 жылдың бірінші жартысында Брест облысы мен Қарағанды облыстары арасында өзара сапарлар ұйымдастыру жоспарланды ",- деді И. Бамбиза. Бүгін Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екі күндік бас қосуының қорытындысы бойынша бесінші отырыстың хаттамасына қол қойылды. Құжат аясында тараптар екі елдің шаруашылық субъектілері арасында тікелей байланыстарды дамытуға, өзара барыс-келісті тұрақты ұйымдастыру мен сауда миссияларын жүзеге асыруға келісті. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін