Бұл турады Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Франция президенті Франсуа Олландтың Қазақстанға ресми сапары шеңберінде өтетін іс-шараларға 250-ден астам делегат: бизнесмендер, ұлттық компания, қаржы институттарының, үкіметтік емес сектор өкілдері қатысады.
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Франция арасындағы экономиклық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мұнайгаз, таукен, аэроғарыштық салалар, ато өнеркәсібі, транспорттық машинажасау, банктік сектор және ауыл шаруашылығы болып табылады.
Инвестиция және даму министрлігінің мәліметі бойынша, 2014 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 4,7 млрд $-ды құрайды. Қазақстан Франциядан өнеркәсіптік қондырғы, дәрі-дәрмектер, косметика, автомобиль, тағам өнімдері, ұшу және ғарыш аппараттарын импорттайды.