Жарияланды: 350

Қазақстан мен Франция премьерлерінің арасында болған келіссөздің қорытындысы бойынша біратар келісімге қол қойылды

Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Францияға ресми сапарының барысында әріптесі Франсуа Фийонмен кездесті.

Бұл туралы Facebook.com сайтында хабарланды. Тараптар экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасы Үкіметінің арасында Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Сондай-ақ Мәдениет саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ниет туралы декларацияға қол қойылды. Сонымен бірге, Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі мен Францияның Азаматтық авиация агенттігінің арасында «Астана-Париж» тікелей рейсін ұйымдастыру туралы» ниет хаттамасына қол қойылды. Ал «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының, «EADS-Eurocopter» және «Еврокоптер - Қазақстан инжиниринг» компанияларының арасында Қазақстан аумағында ЕС-145 бағдарламасын жүзеге асырудағы ынтымақтастық туралы келісім, «Еврокоптер - Қазақстан инжиниринг» және «EADS-Eurocopter» компанияларының арасында Дистрибуция, техникалық қызмет көрсету және кәсіби дайындық орталығын құру туралы келісім жасалды. Оған қоса, «ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы мен «Areva» компаниясының арасында Энергияның балама және орны толатын көздерін пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін