Атап айтқанда, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Индонезияның Білім және мәдениет министрлігі арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатты аталған министрліктердің басшылары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Мұхаммад Нұх рәсімдеді. Сонымен қатар екі ел Үкіметтері арасында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссия құру туралы құжатқа ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев пен Индонезияның Сыртқы істер министрі Марти Наталегава қол қойды.