Қазақстан мен Испания ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Испания ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қояды

Қазақстан мен Испания ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қояды

 Қазақстан мен Испания ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қояды, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
           «Испаниямен транспорт, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп, қалпына келетін қуат көздері саласындағы ынтымақтастықтың келешегі зор. Бүгін Рахой мырза мен Қазақстан премьері арасындағы келіссөздерден кейін екі ел үшін маңызды келісімшарттарға қол қойылатынын атап өткім келеді. Сонымен қатар өтіп жатқан бизнес-форумда он шақты контракті мен құжаттарға қол қойылмақ», - деді ол ресми сапармен Астанада жүрген Испания премьер-министрі Мариано Рахоймен кездесуде.
           Бүгін президенттің қатысуымен Қазақстан басшысы жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен Испания корольдігінің мемлекеттік басқару институты арасында меморандум бекітілді. Сонымен қатар, «Қазақстан темір жолы» мен испандық Patentes Talgo компаниялары қала маңына қатынайтын пойыздар өндірісін жолға қою жөнінде өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.
           Мемлекет басшысы «Испания Қазақстанның Еуропадағы негізгі достары мен басты серіктестерінің бірі» екенін атап өтті.
           Ал, М.Рахой өз елінің Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі серіктес деп білетінін алға тартты.
           2012 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 996 млн долларға, 2013 жылдың бірінші жартысында 1,03 млрд долларға жеткен.

  • 30 Қыркүйек 2013
  • 347
Фото - Caravan.kz

 Қазақстан мен Испания ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қояды, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

           «Испаниямен транспорт, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп, қалпына келетін қуат көздері саласындағы ынтымақтастықтың келешегі зор. Бүгін Рахой мырза мен Қазақстан премьері арасындағы келіссөздерден кейін екі ел үшін маңызды келісімшарттарға қол қойылатынын атап өткім келеді. Сонымен қатар өтіп жатқан бизнес-форумда он шақты контракті мен құжаттарға қол қойылмақ», — деді ол ресми сапармен Астанада жүрген Испания премьер-министрі Мариано Рахоймен кездесуде.