Қазақстан мен Катар екі жақты ынтымақтастықты тереңдетуге ниет танытты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Катар екі жақты ынтымақтастықты тереңдетуге ниет танытты

Қазақстан мен Катар екі жақты ынтымақтастықты тереңдетуге ниет танытты

Астана. 5 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Катармен арадағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық танытады. Бұл туралы сейсенбі күні Катар шейхы Хамад бен Халиф аль-Танимен кездесу барысында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 5 Наурыз 2008
  • 391
Фото - Caravan.kz

«Біз екіжақты ынтымақтастықтың әрі қарай дамуына мүдделіміз және оны бұдан да жоғары деңгейге көтеруден үміттенеміз», — деді президент.

Атап айтқанда, ол Қазақстанның энергетика саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екендігін атап көрсетті. «Мен Катар инвестициялық қорымен және ұлттық энергетикалық компаниямен ынтымақтасу туралы ниетіміз жөнінде кеңінен әңгімеледім», — деді Н. Назарбаев. «Ағымдағы жылы біз Катардың вице-премьерінің, энергетика және өнеркәсіп министрінің сапарын күтіп отырмыз», — деп хабардар етті елбасы.

Жалпы алғанда екі елдің көшбасшылары Катар мен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастардағы барлық мәселелер кешенін талқылады. Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар бойынша пікір алмасты.

Сауда-экономикалық байланыстырдың белсенділігін арттыру мақсатында тараптар, сондай-ақ, жоғары деңгейдегі Қазақстан — Катар бірлескен комиссиясының аясындағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде мәселе қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті