«Қазақстан темір жолы» ҰК президенті Жақсыбек Күлекеев пен «Өзбекстан темір жолдары» ТЖК басқармасының төрағасы Алчибай Раматов өткен жылдың қорытындысын жасап, биылғы жылы жасалатын қарым қатынастардың жоспарын белгіледі. Бас қосуда Қазақстан мен Өзбекстанның темір жол шаруашылығы мен жылжымалы құрамды жаңарту жөнінде бірлескен кәсіпорын құру жоспарына басты назар аударылды.
«Бүгінде мұндай кәсіпорынды құру қажеттігі туындап отыр өйткені тасымал көлемі өсіп жатыр, өндірістік қуат та ұлғаюда. Былтыр тасымал көлемі 30 пайызға өссе, биылғы жылы да сондай көлем болады деп күтілуде. Мұндай үрдісте жылжымалы құрамға сұраныс өсіп оны ұлғайту қажет. Ал бізде бірлескен кәсіпорын құру мүмкін, барлық заңдар жасалған, үлкен жеңілдіктер қарастырылған және салықтар мардымсыз. Біздің балансымызда алты зауыт бар және де біз бүгінгі күні көрші нарығы мен ішкі нарыққа бағытталған Самарқандағы үлкен зауытты қалпына келтіріп жатырмыз. Бізде вагондардың қызмет көрсету мерзімін ұзартатын лицензия мен сертификат бар, мәселен егер бізде вагон 28 жыл пайдаланылса, онда оның қызмет мерзімін тағы да 13-15 жылға ұзартуға құқығымыз бар», — деді өзінің сөзінде А. Раматов.
Жылжымалы құрамды жиынтықтылау мәселесі өте өткір тұрды. Ж. Күлекеев атап өткеніндей, Қазақстан мен Өзбекстан жүк вагондарына зәру болып отыр. Қазақстан бойынша 15 мың вагонға сұраныс бар.
«Біз жүк вагондарын Қытайдан алу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Біз өзіміздің техникалық талаптарымыз бойынша екі вагонға тапсырыс бердік, жақын уақытта олар жеткізілуі керек. Олар біздің жолдармен жүргізіліп, сынақтардан өткізілетін болады, олар өздерінің төзімділігін көрсететін болса онда біз оларды қытайдан сатып алатын боламыз», — деп атап өтті Ж. Күлекеев.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» басшысы айтқанындай, Қазақстанда вагондарды шығарудың бірнеше жобалары қарастырылуда. Бүгінгі күні темір жол компаниясы оларды Ресей мен Украинадан сатып алуға мәжбүр болып отыр.
Сонымен қатар Ж. Күлекеев Ташкент — Алматы — Ташкент жолаушы теміржол бағытын ашуға қатысты ойын да айтты. «Бұл мәселені шешуге болады әрі оны біздің мемлекеттеріміздің халқы талап етуде. Біз мұндай бағыттағы қозғалысты аптасына 2-4 ретке дейін ұйымдастыра аламыз. Егер поездар бұл бағытта жүретін болса, онда біздің елдер арасындағы достастықты одан әрі нығайтуға септігін тигізеді».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті