Қазақстан мен ҚХР трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі ынтымақтастықты жалғастырады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен ҚХР трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау  жөніндегі ынтымақтастықты жалғастырады

Қазақстан мен ҚХР трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі ынтымақтастықты жалғастырады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 - тамыз. АСТАНА. Астана мен Пекин трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан мен Қытайдың біріккен комиссиясының механизмі аясында екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады. Бұл туралы сенбіде, 2007 жылдың 18-тамызында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтоа қол қойған біріккен коммюникеде айтылған.

  • 18 Тамыз 2007
  • 445
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, құжатта Қазақстан мен ҚХР «трансшекаралық су ресурстарын пайдалану мен игеру барысында әділеттілік және ұтымдылық қағидасын» ұстанатын болады, деп айтылған.

«Тараптар көрсетілген қағидаларды жүзеге асыру және өзара мүдделікті сақтауды қамсыздандыру үшін тиісті шаралар қолданады»,- деп көрсетілген құжатта. «Тараптар Қорғас өзеніндегі «Достық» гидроторабын салу мәселесі бойынша жақын ынтымақтастығын жалғастырады»,- деп айтылған құжатта.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті