Нұрсұлтан Назарбаевтың атап көрсеткеніндей, Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастарының жаңа тарихы үлкен деңгейлерге жетіп отыр.
«Осы жылдар ішінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар нөлден 26 млрд. долларға дейін жетті. Жақын жылдары бұл соманы 40 млрд. долларға жеткізу міндеті қойылып отыр», — деді ҚР Президенті.
Еске сала кетейік, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапарымен келген болатын. Бүгін Назарбаев университетінде Қытай басшысы студенттер мен ұстаздар алдында дәріс оқыды.