Бұл туралы бүгін Бейжіңде өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚХР сыртқы істер министрінің көмекшісі Чэн Гопин мәлім етті.
Чэн Гопин атап өткендей, соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік жан-жақты, қарқынды және терең дами түсті, оған жоғарғы дегейдегі байланыстар мен саяси өзара іс-қимылдың үнемі тереңдей түсуі дәлел.
Сауда, экономика, энергетика, көлік, қауіпсіздік, ғылым мен техника салаларындағы ынтымақтастық жан-жақты дамуда. Тараптар «зұлымдықтың үш күшімен» күресу ынтымақтастығы туралы келісімді күшіне енгізіп, «Шығыс Түркістан» күштерімен күрес саласындағы жемісті ынтымақтастықты орнатты.
Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселесі, екі жақты іскер ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ өзара мүдде тудыратын басқа да халықаралық және аймақтық мәселелері бойынша пікір алмасу болады.
Тараптар екіжақты ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қояды. Дипломат екі жақтың да бірлескен күш-жігерінің арқасында Ху Цзиньтаоның сапары жоғарғы деңгейдегі байланыстардың жақсы үрдістерін сақтауға, саяси өзара іс-қимылды тереңдетіп, Қытай-Қазақстан стратегиялық әріптестігін жаңа сапалы деңгейге көтеру мүддесін көздейтін іскер ынтымақтастыққа көмектеседі деген сенімін білдірді.
Сондай-ақ 15 маусым күні Астанада Ху Цзиньтао Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.